$ 449.58  486.94  4.86

БҚО-да жаппай төбелесте пышақталған үш жігіт ауыр жағдайда жатыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жарақат алғандардың үшеуіне де ота жасалған.
фото: gu-gu.kz
фото: gu-gu.kz

Ақсай қаласында жастар жаппай төбелесіп, үшеуі пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 3 ақпан күні орын алды. Сағат 08.10 шамасында Бөрлі аудандық орталық ауруханасына 1994, 1997 және 1997 жылғы жастар пышақ жарақатымен жеткізілген.

Осы қылмысқа күдікті ретінде Ақсай қаласының 1996, 1997, 1996 және 2001 жылғы тұрғындары ұсталды. Қазіргі кезде ҚР ҚК-нің 106-бабы, 2-бөлігіне (екi немесе одан да көп адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жарақат алғандардың үшеуіне де ота жасалған. Жағдайлары өзгеріссіз, бірқалыпты, ауыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары