$ 498.34  519.72  4.85

Туысының үйіне қонаққа барған бір жанұяның 5 мүшесі уланып қалды: қайтыс болғандар бар

Отбасы "Север" ықшамауданы төңірегіндегі туыстарына барғанда уланған.

Ордабасы ауданында белгісіз заттан уланған бір отбасының 5 адамы ауруханаға жеткізілді. Жанұяның ең кішкентайы өлім аузында болғандықтан оны құтқару мүмкін болмады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

«13 ақпанда, таңертеңгі сағат 7: 45-те 2014, 2017 жылғы 2 бала Шымкент қалалық гипербарикалық оксигенация орталығына жеткізілді, олар белгісіз заттан уланған. Дәрігерлердің ойынша, олар тамақтан уланған болуы мүмкін. Балалар жансақтау бөліміне жатқызылды. Оларға толық медициналық көмек көрсетіледі. Және осы мекенжайдан 2000 және 2002 жылғы балалар "уланды" деген күдікпен түсті. Оларды жіті тексеріп, сынамаларын алғаннан соң, үйлеріне қайтарылды", - деп мәлімдеді гипербарикалық оксигенация орталығының бас дәрігері Мәдина Ермағанбетова.

Отбасы "Север" ықшамауданы төңірегіндегі туыстарына барғанда уланған. Арнайы құралдарды қолданған мамандар жасаған сараптамаға сәйкес, оқиға орнында көміртегі оксиді тіркелмеген.

Сарапшылар тамақ өнімдерін алып, тексеріп жатыр. Дәрігерлер жанұя "қандаланың көзін жоюға арналған профилактикалық жұмыстың кесірінен улануы мүмкін" деген де болжамды қарастырып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#бала өлімі