2016 жылы 5 маусымда Ақтөбедегі терактіден кейін өмір бойы бастандығы шектелген Асхат Иманғалиев өз-өзіне қол салды. Асхат Арқалыққа жақын жерде орналасқан жабық режимдегі түрмеде жазасын өтіп жүрген болатын. Оның өләмә туралы ІІМ Қылмыстық атқару комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "Азаттық"-қа сілтеме жасап.
Сайт дерегінше, марқұмның денесі 11 ақпанда Алматыға жеткізілген. Жерлеу рәсімі қала маңындағы зираттардың бірінде болыпты.
ІІМ Қылмыстық атқару комитетінің басшысы міндетін атқарушы Теңізжан Жәнібеков құзіретті органдар сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады. Бірақ, жазасын өтеушінің өліміне қатысты тергеу шартына сәйкес, қандай да бір қосымша ақпарат бермеді.
Асхат Иманғалиев 1986 жылғы Ақтөбе өңірінің тумасы. Марқұм түрмеге қамалғанға дейін Ақтөбедегі сауда үйлерінің бірінде ұялы телефон сату ісімен айналысқан. Тергеу құжаттарына бойынша, "Паллада" қару-жарақ сататын дүкен мен әскери бөлімге шабуыл жасаған.
Естеріңізде болса, 2016 жылдың 5 маусымында Ақтөбеде теракт кезінде он шақты адам қаза тапқан еді. Сол кезде Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі енгізілген. 6 күнге созылған арнайы операция кезінде 20-ға жуық адам ұсталып, 18 адамның көзі жойылған.