$ 444.22  476.38  4.82

«Бассыздық!»: ОҚМПУ-нің экс-ректоры бұрынғы жұмыс орнының есігін торуылдап жүр

Оны оқу ғимаратына кіргізбеу туралы бұйрықты министр Асхат Аймағамбетовтың өзі берген көрінеді.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің экс-ректоры Анар Қайырбекова бұрынғы жұмыс бөлмесіне кіріп, заттарын ала алмай оқу ғимаратының есігін торуылдап жүр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Лауазымды қызметте болған Анар Қайырбекованың әлеуметтік желіде жазған жазбасына сенсек, Оны оқу ғимаратына кіргізбеу туралы бұйрықты министр Асхат Аймағамбетовтың өзі берген көрінеді.

«Кабинетімнен жеке заттарымды жинап алып кету үшін бір сағаттан астам уақыттан бері университет ғимаратының алдында тұрмын. Мені кіргізбей жатыр. Ректор қызметінің міндетін атқарушы, бөлім бастығы Сугербаева Гүлжан  шыны жабық есік арқылы менің жұмыстан босатылуым туралы бұйрықты көрсетті және министр Аймағамбетовтың мені ғимараттарға кіргізбеуін бұйырғанын айтты. Бассыздық!», - facebook парақшасында экс-ректор осылай жазба қалдырғаны туралы Instagram-дағы "@open.shymkent" парақшасында ақпарат жарияланды. Онда бұрынғы ректордың не себепті жұмыстан қуылғаны туралы деректер келтірілген.

«ОҚМПУ» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті) басқарма төрағасы Анар Қайырбекова қызметінен қуылған.

ҚР Еңбек кодексінің «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңын және «ОҚМПУ» ҰАК жарғысын басшылыққа ала отырып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 7 ақпандағы бұйрығымен Анар Қайырбекова қызметінен босатылды.

Өкінішке орай, А.Қайырбекованың жұмысын ұйымдастыруда кемшіліктер болған, ҚР Білім және ғылым министрлігі алға қойған міндеттер орындалмады, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары