15.02.2020, 14:05

Ақтөбеде автобус аударылып, 26 адам ауруханадан бір-ақ шықты

Фото: polisia.kz/ru
Жол апатына байланысты тергеу жұмыстары басталды.

Ақтөбеде автобус жол қиылысында таксимен соқтығысып, соның салдарынан зардап шегуші 26 адам ауруханаға жеткізілді. Оларға жедел жәрдем бригадасы мен патрульдік полиция жасағының қызметкерлері көмектесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Апат сенбіде  таңғы сағат  шамамен 9:40-та болған. Жұбанов-Сейітов көшелерінің қиылысында бағдарда автобус пен такси соқтығысқан. Салдарынан автобус аударылып түскен.

"Автобустағы 26 жолаушы болса, оның 19-ы әйел, 7-еуі ер адам. Олар Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.

Жол апатына байланысты тергеу жұмыстары басталды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті автокөлік жүргізушілерін көктайғақ кезінде жолда жүргенде мұқият болуға шақырды. Жүргізушілер жылдамдық режимін қатаң ұстап, көліктер арасындағы арақашықтықты сақтауы керек.