16.02.2020, 02:33

Маңғыстау облысының тасжолында көлік жарылып, 3 адамның өмірін қиды (ВИДЕО)

Оқиға Батыр-Қызылтөбе тас жолында 15 ақпанда болды.

Маңғыстау облысындағы тасжолда үш адамның өмірін қиған ауыр жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан бір ер адам мен екі әйел қайтыс болды, деп жазады Lada.kz.

Тағы үшеуі ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Оқиға Батыр-Қызылтөбе тас жолында 15 ақпанда болды. Куәгерлердің айтуынша, апаттан кейін көліктердің бірі жарылды.

Жиырма бес жастағы екі зардап шегуші көптеген жарақаттар мен сынықтар алды: олар облыстық ауруханаға жатқызылды.

Апат салдарынан бірнеше жерден жарақат алған тағы бір ер адам осы медициналық мекеменің жансақтау бөліміне түсті.

Тегтер: жол апаты