Шахтинскідегі көмір шахтасында өрт шықты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ішкі істер министірлігің Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
"15 ақпанда сағат 21:30 шамасында Шахтинск маңында орналасқан көмір шахтасында өрт шықты. Өрт алдын ала мәлімет бойынша, 100 метр тереңдікте шықты. Шахтада 116 адам болған, олар эвакуацияланды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Өртті сөндіруге 60 қызметкер мен 6 дана өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған. Абырой болғанда адам шығыны болмаған. Қаза тапқандар жоқ.
Ескерте кетейік, өрт шыққан шахта "АрселорМитталТеміртау" АҚ-ға тиесілі.