$ 494.87  520.65  4.91

Зиратқа біреудің қабірін қазуға кеткен жігіттің мәйіті табылды

Тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ.
Фото: yk-news.kz
Фото: yk-news.kz

Шығыс Қазақстан облысы Бүркенші ауылында біреудің қабірін қазуға кеткен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, YK-news.kz-ке сілтеме жасап. 

 Марқұм болған азамат Асхат Әлжанов 7 ақпанда біреуге қабір қазуға көмектесу үшін кеткен кезде жоғалып кеткен. Содан бері оны ешкім көрмеген. Осы оқиғадан кейін Асхаттың анасы ұлының жоғалып кеткендігі жайлы полицияға хабарлаған. 

"10 ақпанда бір әйел Бүркенші ауылында тұратын 1983 жылғы ұлы белгісіз бағытта үйден шығып кетіп, сол күй ұшты-күйлі жоғалып, қайта оралмағаны жөнінде полиция департаментіне хабарлады. Ал 14 ақпанда ер адамның мәйіті өз үйіне жақын маңнан табылды. Мәйітті көзбен тінтіп, тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Алдын ала болжамға сүйенсек, ол суықтан қаза тапқан. Сараптама тағайындалды", - деді полицейлер.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары