21.02.2020, 11:00

Алматыда 14 жастағы жасөспірім із-түссіз жоғалып кетті

Органның мәліметінше, іздестіру жұмыстары түнде басталып, осы уақытқа дейін жалғасып жатыр.

Алматы қаласында 14 жастағы мектеп оқушысы іс-түссіз жоғалып кетті. Жасөспірімді құзырлы орган қызметкерлерімен қоса, еріктілер де іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен мектеп жасындағы бала - Кунту Шерхан Тұрмаханбетұлы 2005 жылы 31 қазанда туған. Қазіргі кезде "8 Б" сынып оқушысы. Бұл туралы Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Мақсат Кикимов Instagram парақшасында хабарлады.

Кунту Шерханның жақындары  20 ақпан кешкі сағат 9:00-де полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Қазір оқушыны іздестіру жұмыстарымен арнайы топ айналысып жатыр. Оның құрамында ювеналды және криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар бар.

Айтпақшы, балаға қатысты деректер жол бағдарларына жабыстырылған. Органның дерегіне сүйенсек, іздестіру жұмыстары түнде басталып, әлі де жалғасуда. Көрген-білгендер болса, құзырлы органдарға хабарласуларыңызды сұраймыз!

 

Тегтер: Алматы