$ 444.22  476.38  4.82

Шұжықтағы штрих-код 12 млн теңге ұрлағандарды анықтап берді

Тергеу амалдары жүргізіліп, ұсталған адамдар осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Үй иелері балаларды мектепке апаруға шыққанда белгісіз адамдар ас үйдің терезесін сындырып, үйге кіріп, ақшаларын ұрлап кеткен, деп жазады Bairaq.kz.

Ақша үй сатып алу үшін жиналғаны, қонақ бөлмедегі сөмкеде тұрғандығы анықталды. Оқиға орнынан полиция қызметкерлері итті алдауға тырысқан шұжықты тапты.

Шұжықтағы штрих-код сақталып қалған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, сатып алынған орын мен уақытты анықтаған.

Төрт қарақшы ұсталды. Олардан айғақты заттар тәркіленді: ақша мен сөмке. Олар екі миллион теңгені өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген. Тергеу амалдары жүргізіліп, ұсталған адамдар осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары