Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілген бес адамның бәріне оқ тиген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 20 ақпанда орын алған. Сол күні сағат 22:10-да Хромтау аудандық ауруханасына оқ тиген 5 адам жеткізілген.
Бұл жағдайға байланысты Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов: "Жедел тергеу тобы құрылып, үш күдікті ұсталды. Олар бар кінәны мойындады. Күдіктілер адамдарды атқан соң, 16 калибрлі екі аңшы мылтығын Бөгетсай ауылы маңындағы Ор өзенінің көпір астына жасырып қойған. Ваз-2114 маркалы ресейлік нөмірлі көлік пен екі қару тәркіленді», - деп хабарлады.
Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіруге оқталу» бабымен іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Бірнеше сараптама тағайындалды. Оқиғаның себебі анықталуда. Күдіктілер уақытша тергеу изоляторына қамалды.