24.02.2020, 10:20

«Гарант 24 Ломбард»: Орал филиалының басшысы құрықталды

Фото: tengrinews.kz
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған ЖШС-ға қатысты екі адам шағым түсірген.

 

Оралда екі адамның 13,5 млн теңгесін алып, тақырға отырғызып кеткен «Гарант 24 Ломбард» ЖШС филиалының директоры ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Батыс Қазақстан облысы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған ЖШС-ға қатысты екі адам шағым түсірген. Қос арыз бойынша келтірілген шығын құны 13,5 млн теңгені құрайды.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 190 бабы 4-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жедел іздестіру шаралары барысында «Гарант 24 Ломбард» ЖШС филиалының өңірлік директоры, БҚО-ның 1980 жылғы тұрғыны ұсталды.

Күдікті Орал қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осыған дейін «Гарант-24» ломбардының Тараз, Қарағанды және Павлодар филиалдарының басшылары ұсталғанын хабарлаған едік.