24.02.2020, 10:40

Экс-министрдің үйіндегі кісі өлімінің мән-жайы анықталып жатыр (ВИДЕО)

Фото: pixabay.com
Үй иесі сау болмаған, сондықтан қонақты өлтірді деген болжам бар.

Украиналық танымал медиаменеджер Сергей Старицкийдің мәйіті аталмыш елдің бұрынғы экс-министрінің ас бөлмесінен табылды. Мәйіт табылған кезде көзінің астына оқ тигені анықталған және қолында мылтығы болған.  Кәсіпкер Сергей Старицкийдің өліміне Украинаның экс-сыртқы істер министрі Леонид Кожардың қатысы болуы мүмкін. Бұл туралы Obozrevatel басылымына сілтеме жасап, Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды. 

Бірнеше фактор Кожардың кісі өліміне қатысы бар болуы мүмкіндігін көрсетіп отыр. Атап айтқанда, қайтыс болған Старицкийдің бетінде жақын қашықтықтан қару атылған секілді ешқандай іздер байқалмаған. Оған қоса, егер қайтыс болған адам өзін-өзі атқан болса, оның қолынан қару түсіп кетуі керек еді, бірақ, бұлай болмаған.

Сондай-ақ, оның қанының құрамынан 0,8 промилл мөлшерінде алкоголь табылды. Үй иесі сау болмаған, сондықтан қонақты өлтірді деген болжам бар. Бірақ, әзірге қасақана өлтірген немесе өлтірмегені белгісіз. Мұнан кейін, Старицкийдің өзін-өзі өлтіруге әрекеттенгенін көрсетуге тырысуы мүмкін. 

Сергей Старицкийдің өлімі жайлы БАҚ 22 ақпанда хабарлады. Бастапқыда кәсіпкер өз өмірімен есеп айырды деген болжам болған. Кейіннен тергеу сараптамасының нәтижесінде "кәсіпкерді өлтіруі мүмкін" деген себептер пайда болды. 

Старицкий "Atlantic Group" коммуникациялық холдингінің бас директоры болған. Бұған дейін ол Украинаның мемлекеттік телерадиокомпаниясының халықаралық қатынастар бөлімін басқарған.