Қазақ жігіт Петербургте 15 жастағы құрбысымен интимдік видео түсіріп, жаға ұстатты, деп хабарлайды Caravan.kz.
Санкт-Петербург полициясы 18 жастағы қазақстандықты ұстады. Жігіт 15 жасар құрбысымен бірге интимдік видео түсіріп, желіге жүктеген. Бұл туралы Nation news құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сүйеніп хабарлаған.
Іс материалдарынан мынаны көруге болады: қазақ жігіті Тула көшесіндегі пәтерді жеке интимдік видео түсіру үшін жалға алған. Жаға ұстатқан жігіт 15 жастағы құрбысымен бірге ол пәтерде көптеген интимді видео түсіріп, желіге салып отырған.
Тергеушілердің айтуынша, қазақ жігіті қалағанын қызға жасату үшін оған есірткі ұсынған.
Қазақ жігіті жалға алған пәтерде тыйым салынған есірткі заты бар пакет табылды. Сондай-ақ, полиция ол жерден екі ноутбук, флэш-диск, 10 диск, жүйелік блок және екі смартфонды тәркіледі.
URA.RU хабарлағандай, Надым (Ямал-Ненец автономиялық округі) тұрғыны балалар порнографиясын жасағаны және таратқаны үшін күдіктелуде. Бұл туралы ОҚО жол полициясының баспасөз қызметі Ямал-Ненец автономды ауданында хабарлады. Департаменттің мәліметінше, тінту кезінде порнографиялық бейнелерді жасаған азаматтың техникалық жабдықтары табылған.