Бүгін, 24 ақпанда, Атырауда таңғы сағат 7.00 шамасында Тайманов және Әлиев көшелерінің қиылысында «ПАЗ» автобусы мен армян номерлі Hyundai Sonata автокөлігі соқтығысты. Оқиға салдарынан автобус өртеніп, түгел жанып кетті, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы "АқЖайық" басылымына сілтеме жасап.
Полиция мен ТЖ департаментінің мәліметіне сүйенсек, автобус соқтығысқан кезде ішінде жүргізушіден басқа үш жолаушы болған. Барлығы да шығып үлгеріп, ешкім зардап шекпеді. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі дәрігерлерден көмек сұрап, тексеруден өткеннен кейін үйіне жіберілді.