25.02.2020, 11:20

Алматы облысында 78 жастағы әже жауыз күйеуін өлтіру үшін екі киллер жалдаған

Фото: Евразия бірінші арнасының видеосынан скриншот
Күдікті әженің үйінде 8 айдан бері екі полиция қызметкері тұрады екен. Оларды әжей тамақтандырған. Егде жастағы кісі болса, "Жетер, енді оларды асырай алмаймын" деп отыр.

Алматы облысында 78 жастағы әжені өзінің күйеуін арнайы тапсырыспен өлтірді деп кінәлауда. Егде жастағы әйел залым күйеуінің  құйтырқылығынан әбден қажып, құрбысымен бірге екі киллер жалдаған, деп хабарлайды "Евразия бірінші арнасына" сілтеме жасаған, Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Нағыз қылмыстық драма Алматы облысында болған. Дегенмен, бұл жағдай қылмыстық драманың ең қызығы емес. Күдіктінің  қауіпсіздігін қадағалау үшін полиция қызметкерлері оның үйінде 8 айдан бері тұрып жатыр екен. Дегенмен, әже өзін қорғауды ешкімнен сұрамапты, әзірге зейнеткерді кімнен қорғау керектігі жөнінде сот жауап берген жоқ.

Бұл істі Агата Кристи стиліндегі детективпен салыстыруға болады. Күйеуінің зорлық-зомбылығынан шаршаған қарт әйел құрбысымен бірге екі киллер жалдаған. Олар қарияны о дүниеге аттандырып жіберген. Бір жылдан астам уақыт өткенде, тапсырыспен кісі өлтіру туралы оқиғаның куәгері кенеттен табыла кеткен. Бұл адам қылмыс туралы полицияға хабарлайды. Жәбірленушінің денесі зерттеуге алынып, тергеу амалдары басталады. Нәтижесінде, сот залында 4 адам жауапқа тартылған. 

«Дәл қазір осында отырған адамдар, олар ештеңе кінәлі емес. Олардың өмірлерін өксітпеулеріңізді сұраймын!», - деді сотта куәгер Нина Елизаренкова.   Сот отырысы барысында өте қызық жайт белгілі болды. Күдікті, үйқамақта отырған зейнеткердің үйінде 8 айдан бері екі жедел уәкіл тұрып келеді екен. Әжей болса, 59 мың зейнетақымен екі ер адамды тамақтандыру қиын екенін айтады. Зейнетақысы оның өзіне әрең жетеді екен. 

Сот күдіктіні қорғау туралы шешім қабылдады. Енді прокуратура күдіктіні кімнен қорғау керектігі туралы құжаттарды дайындауы керек. Дегенмен, күдікті бұл жайлы ешкімнен сұрамаған. Егер 78 жастағы әженің кінәлі екендігі дәлелденсе, 15 жылдай түрдеме отырып, өмір бойы бас бостандығынан айрылуы мүмкін.