Атырауда шетелдіктер жұмыс істейтін кәсіпорында төбелес болды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Таяуда Атыраудағы кәсіпорындардың бірінде төбелес болды. Онда қылмыс болмаса, 300-ден астам шетелдіктің жұмыс істеп жүргенін білмес пе едік? Бір ЖШС-ында Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің азаматтары жұмыс істейді екен», - деді Марат Қожаев.
Тергеу барысында, олардың 138-інің заңсыз жұмыс істейтіні анықталған.
Тағы оқи отырыңыз: «Маргиналдар азаяды»: Зағипа Балиева ұлдарды бірінші сыныптан бастап әскер етуді ұсынды
«Бірнеше адам сөзге келіп қалған. Бұл жағдай болмағанда, ол кәсіпорынды тексеруге бармас та едік. Төбелестің мән-жайын анықтау барысында 138 шетелдіктің заңсыз жұмыс істеп жүргені белгілі болды. Олар еңбек мигранттары ретінде рәсімделмеген. Шетелдіктер біздің елге басқа мақсатпен келген. Бірақ, ЖШС көші-қон заңнамасын бұзып отыр», - деді ІІМ өкілі.