$ 449.3  489.69  4.89

«Өлген адамның әруағы»: гараждағы түсініксіз құбылыс жұртты шошытты (ВИДЕО)

"Бұл қандай да бір шыбын-шіркей шығар!?".

Гаражындағы бейнебақылау камерасынан тосын құбылысты көріп таңқалған тұрғын желіге видео жариялады. Кадрдан елеске ұқсас, ақ көлеңкенің кеңістікте қалықтап келіп, екі машинаның алдынан кесіп өткенін көруге болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Life.ru-ға сілтеме жасап.

Видеодан байқасаңыздар ақ түсті, түсініксіздеу бірнәрсе, көліктің бірінен екіншісіне секіріп жүр. Кездейсоқ құбылысты бейнебақылау камерасынан көріп қалып, желіге жариялаған видео авторы көпшіліктен оның не болуы мүмкін екендігін сұрады. 

 Видеоны көргендер болса, автордың сауалын жауапсыз қалдырмай, ойларын сан-саққа жүгіртті. 

Бірі оны "елес" деп ойласа, енді біреулері "өлген адамның рухы" деп, бірі жай ғана "камераның алдындағы өрмекші ғой" десті.

"Камера алдындағы өрмекші немесе өлген адамның әруағы. Қалай болғанда да мен гараждың есігін жабық ұстаймын. "Бұл қоңыз деп ойламаймын. Гараждағы көліктердің арасында жасырынып жүрген бір адам болуы мүмкін", "Қандай да бір шыбын-шіркей шығар!?", - деп жазды желі қолданушылары.

Ескерте кетейік, бұл оқиға 20 ақпанда АҚШ-тың Джорджия штатында болған. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео #камера