Нұр-Сұлтан полициясы рейдтік шаралар барысында интим қызмет көрсеткен, сондай-ақ боди-массаж қызметін ұсынған 26 қызды ұстады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қаладағы коттедждердің бірінде массаж салонынан (боди-массаж қызметін көрсеткен) 26 қыз ұсталды. 20-29 жастағы қыздар басқа қалалардан келген. Ұсталған қыздардың тіркеуде тұрған не тұрмағаны тексерілді", - делінген елордалық ПД өкілдері.
Қазіргі уақытта үй иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 450-бабы ("Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну") әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.
"Сондай-ақ, коттеджді тексеру барысында, полицейлер есірткі заттарын тәркіледі. ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция өкілдері.