02.03.2020, 09:40

28 жыл бұрынғы жұмбақ өлімге себепші болған қылмыскер күтпеген жағдайда ұсталды

Фото: pixabay.com
Қыздың өлімінен кейін қылмыскерді табуға көмектескен адамға 10 мың юань сыйақы берілетіні жайлы ақпарат жарияланған.

Бұдан 28 жыл бұрын жасаған қылмысы үшін Қытайдың Нанкин қаласында кісі өліміне себепті күдікті ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кісі өлімі 1992 жылы 24 наурызда болған. Нанкин қаласындағы канализациядан медициналық мектеп студентінің мәйіті табылған. Істі тергеу жұмыстары барысында оның Линь тегінен екендігі анықталған. Қыздың аяусыз, жауыздықпен өлтірілгені белгілі болған. Қыздың өлімінен кейін қылмыскерді табуға көмектескен адамға 10 мың юань сыйақы берілетіні жайлы ақпарат жарияланған. Бірақ ақыры қылмыскерді ешкім таба алмаған. 

Арада 28 жыл өткенде 2020 жылдың 23 ақпанында Сюйчжоу қаласының полиция өкілі Нанкинг полициясына жүгінді. Ол Сюйчжоу қаласының тұрғыны, 54 жасар ит саудагері Маның Линьді өлтіруі мүмкін екенін хабарлаған.

Осы ақпараттан кейін, күдікті ұсталып, оның ДНҚ-сы 1992 жылы жиналған дәлелдемелердегі ДНҚ іздерімен салыстырды. Сараптама нәтижесінде оның қылмыс орнында болғаны туралы ақпарат дәлелденді.