$ 494.87  520.65  4.91

«Астана» кәсіпқой спорт клубының директоры қамауға алынды

Басқа адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, тергеу жалғасуда.
Фото: AFP 2019 / Sandor Gemes
Фото: AFP 2019 / Sandor Gemes

"Астана" кәсіпқой спорт клубының директоры Аманбек Құлшықов пен "Астана PRO TEAM" басшысы Ләззат Шәмшиева қамауға алынды. Бұл туралы брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент бастығы Сергей Перов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Самұрық-Қазына" қорының спортты дамытып, Қазақстанның беделін көтеруге  бөлген қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Сергей Перовтың айтуынша, Құлшықов "Астана PRO TEAM" басшысы Ләззат Шәмшиевамен және "Astana Motorsport" Артур Ардавичуспен сөз байласып, қылмыстық әрекет жасаған.

Ардавичус әлі халықаралық іздеуде жүр. Оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылады.

"Бүгінгі таңда Құлшықов пен Шәмшиева Нұр-Сұлтанның тергеу изоляторында отыр. Сот оларға қатысты екі айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады", - деді Сергей Перов.

Іс бойынша күдіктілердің Алматы мен Нұр-Сұлтандағы қымбат мүлкі, соның ішінде көліктер, қымбат пәтерлер, жер учаскелері табылып, тәркіленді. Басқа адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, тергеу жалғасуда.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары