06.03.2020, 16:20

Үрейленген халық жаппай ұн сатып алып жатыр

Фото: knews.kg
Қазір үкімет халықты тыныштандыруға тырысып жатыр. Олар тауар өндіру мен жеткізу қысқартылмайды деп сендіруде.

Тәжікстанда әлі коронавирус дерегі тіркелген жоқ, бірақ халық жаппай ұн мен азық-түлік тауарларын сатып алып жатыр деп хабарлайды Nur.kz "Настоящее время" басылымына сілтеме жасап.

Бүгінде ел аумағында қауіпті инфекеция тарамаса да, көпшілік арасында дүрбелең туындауда. Халық жаппай азық-түлік, оның ішінде ұн сатып алып жатыр. Ал негізгі қажетті тауарлардың бағасы өсуде екен.

"Бізде үрей. 5-6 қап ұн мен алма сатып алдық. Міне, май және бір қап қант. Аш қалмас үшін тағы екі-үш қап ұн. Кешке ұн бағасы 400 сомони (40 АҚШ доллары) болады деп жатыр", - дейді видеодағы азамат.

Қазір үкімет халықты тыныштандыруға тырысып жатыр. Олар тауар өндіру мен жеткізу қысқартылмайды деп сендіруде. Сондай-ақ, елдің денсаулық сақтау министрлігі де мемлекетте коронавирус тіркелмегенін мәлімдеді. Дегенмен елде мешіттер карантинге жабылып, алдағы Наурыз мерекесінде жаппай шараларды өткізуге шектеу қойылған.