10.03.2020, 16:40

Оралда мас жігіт полиция қызметкерін пышақтап кетті

Фото: Хабар24
Сағат 02.53-те жергілікті әйел мас күйеуінің бұзақылық жасап жатқанын 102 телефонына хабарлаған.

Оралда ер адам мас күйінде полиция қызметкерін пышақпен жарақаттаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 10 наурыз күні болды.

Сағат 02.53-те жергілікті әйел мас күйеуінің бұзақылық жасап жатқанын 102 телефонына хабарлаған.

Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Қайрат Тұрсынғалиев жеткен. 1983 жылғы ер адамды ұстау кезінде ол қарсылық көрсетіп, асүй пышағымен полиция қызметкерінің иық тұсынан жарақаттаған. Соған қарамастан, қолға түскен ер адам сараптама қорытындысына сәйкес жеңіл дәрежелі мас болған.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 380-бабы 1-бөлігіне (билік өкiлiне қатысты күш қолдану) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.