Түркістан облысындағы Ақмешіт үңгірін белгісіз адамдар өртеп, тонап кеткен. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
5 наурыз күні таңертең жергілікті тұрғындардың бірі полицияға Ақмешіт үңгірінде тапшандар мен үстелдердің өртенгені туралы хабарлаған. Сондай-ақ, ол бұзақылардың үңгірдегі қазандар мен самаурынды және басқа да заттарды ұрлап кеткенін айтқан.
Келтірілген шығын 300 мың теңгеден асады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап, күдіктілерді іздестіруде.
Нақты айтқанда, Ақмешіт үңгірі Түркістан облысының Бәйдібек ауданында орналасқан. Жыл сайын онда 70 мыңнан астам турист келеді.