$ 448.15  483.46  4.86

Ақтөбеде жол апатынан жеңіл көліктегі 5 адам қаза тапты

Қарсы бағытқа шығып кеткен жеңіл көлік жүргізушісі «Iveco» жүк көлігімен соқтығысты.

Ақтөбе облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол апаты «Самара – Шымкент» тасжолының Хромтау ауданы, Бөгетсай ауылы маңында болды. Қарсы бағытқа шығып кеткен жеңіл көлік жүргізушісі «Iveco» жүк көлігімен соқтығысты.

Салдарынан жеңіл көлікте болған барлық бес адам оқиға орнында көз жұмды. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары