АҚШ-тың Миннесота штатында орналасқан мейрамханада пандемия кезінде жаңа акция басталды. Мейрамханаға барып, 25 немесе одан көп доллар тұратын затқа тапсырыс берген кез келген клиентке дәретхана қағазы сыйға берілуде. Бұл туралы Upi агенттігі жазды, деп хабарлайды Baq.kz.
Сондықтан мекеме иелері сатылым деңгейін ұстап тұруға тырысады әрі дәретхана қағазын сатып алуға үлгермегендерге қолдау көрсетеді. Бірақ олардың басқа мақсаты бар.
"Клиенттерге сыйлық ретінде бір дәретхана қағазын берген кезде олар шынайы күледі. Ал мұндай көңілді эмоциялар бұрынғыдан да көп қажет", - дейді мейрамхана иесі Шон Окерлунд.
Окерлунд осылайша, коронавирустық пандемияға күлмейтінін жеткізді. Керісінше, дәретхана қағазын сыйлыққа алған адамдар жиі күледі екен.
Бүгінгі таңда әлемде 234 мың адам коронавирус жұқтырған. 21 наурыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда инфекцияның 53 жағдайы тіркелді.