$ 494.87  520.65  4.91

Оралда көлік қоршауға «ілініп» қалды (ФОТО)

Көлікте жүргізушіден бөлек, бір ер адам және 4-5 жасар бала болған.

Оралда жол апаты болып, көлік қоршауға ілініп қалды. Оқиға 21 наурызда сағат шамамен 23.00-де болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "Мой ГОРОД" дерегіне сілтеме жасап. 

Жол апаты Иван Куличев және Деповская көшелерінің қиылысында болған. Алдын ала болжам бойынша, Volvo маркалы көлігінің жүргізушісі Деповская көшесінің бойымен көпірге қарай бағыт алып, рөлді басқара алмай, бағанаға соғылған. Соның салдарынан көлік қоршауға ілініп қалған. Оған қоса, көлік жүргізушісі өзіне қарсы жүріп келе жатқан Лада автокөлігінің айнасын сырып өткен. 

Оқиға куәгері Константин есімді азаматтың сөзінше, Volvo көлігінің ішінде жүргізушіден бөлек, екі жолаушы, бір ер адам және 4-5 жасар бала болған. 

"Ер адам көліктен ұшып түсті, оның аяғы сынған. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем қызметкерлері келді. Ал екінші ер кісі мен балақай жедел жәрдем көлігінен шығып белгісіз бағытқа қарай кетіп қалды", - дейді оқиға куәгері. 

Бір ескерерлігі, апаттан кейін көліктен түтін шыға бастаған. Оқиға болған жерге ТЖД-нің қызметкерлері және полицейлер келді. Қазір жол-көлік апатының мән-жайы анықталуда. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары