24.03.2020, 10:34

Талдықорғанда жүргізуші автокөлігімен бірге суға түсіп кетті

Көлікте жүргізуші жалғыз болған.

Талдықорғанда автокөлігімен бірге ағып кеткен жүргізуші құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«22 наурыз күні кешке Талдықорған қаласына қарасты Қызылтас саяжайы маңында жеңіл автокөліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай, Қаратал өзеніне түсіп кеткен. Оның автокөлігі өзеннің ағысымен төмен құлдилаған. Көлікте жүргізуші жалғыз болған»,- деп мәлімдеді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Көліктен шығып, бірақ жағаға жетпестен суға бата бастаған жүргізушіге саяжайдың 1995 жылғы тұрғыны көмекке ұмтылған. Оқиға куәгері Ержан Баяхметовтың айтуынша, ол жүргізушіні ес-түссіз күйде судан шығарған. Алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған.

«Адам өмірін құтқарғаны үшін Ержан Баяхметов марапатқа ұсынылады»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Тегтер: суға кету