25 наурыз күні кеште Халықаралық Атырау әуежайында «Теңізшевройлдың» ұшағы қонды. Бұл сапарда Польшада оқып жатқан атыраулық және маңғыстаулық студенттер Қарағандыдан жеткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арнайы ұшақпен 27 атыраулық және 6 маңғыстаулық азамат келген.
"Польшадан келгендердің барлығын Қарағандыда тексеруден өткізді, коронавирус жұқпаған. Тексеруден кейін олар екі күн карантинде болды", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз хатшысы Ержан Қалымбайұлы.
Атырауға келген жастардың дене қызуы өлшеніп, үйге карантинге жіберді, ал маңғыстаулықтар өз аймақтарына кетті.