Instagram желісіне "@dauletten" деген аккаунтпен тіркелген азамат коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан, той тойлап жүрген адамдардың әрекеті түсірілген видео жүктеді. Видеоны оған Сандуғаш есімді оқырманы жіберген екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видео авторы: "Міне, бүгін 27-сі. 3 ай, 2020 жыл. Төтенше жағдай жарияланғалы қашан!? Сонда да, міне, бізде халықтың дыммен жұмысы жоқ. Қызылорда облысы, Жаңақорған кентінде, Алтынсарин көшесінің халқы, мынау бір үй, құдалық не той екенін білмеймін, не тойлап жатқандарын...
Халыққа бір жерге үйірілмеңдер, жиналмаңдар, болмайды деп ескертсе де, секең-секең етіп билеп жүр. Қара халықты жамандап жатқаным жоқ. Енді, Сандуғаш қара халықты жамандады демеңіздер! Дұрыс емес қой, енді мынау! Егер шынында коронавирус бар болса, мынадай жағдайда жұқпауы мүмкін емес. Кеше коронавирустан қайтыс болған әйел, вирусты құдалыққа барғанда жұқтырған дейді", - деп көзімен көрген жайтты баяндады.
Естеріңізде болса, 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін елімізде төтенше жағдай жарияланған.