Ақтауда карантинге жабылған үйден қашпақшы болған ер азамат үшінші қабаттан секіріп, омыртқасын сындырды, деп хабарлайды Stan.kz Lada.kz порталына сілтеме жасап.
Оқиға коронавирус анықталған науқас тұратын көпқабатты үйде орын алған. Карантинде жатқысы келмеген ер азамат11 ықшам ауданындағы №11 үйден секіріп кеткен. Соның салдарынан Ақтау тұрғыны омыртқасын сындырыпты. Қазір ол ауруханада жатқан көрінеді.
"Ер азамат - Бейнеу қаласының тұрғыны", - деді Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері.