Полиция қызметкерлері карантин режимін бұзып, түнгі уақытта бірнеше рет петарда атқан 34 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлер тәртіп бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 436-бабы 1-бөлімі («елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды қолдану») және 476-бабының 6 бөлімі («төтенше жағдай режимін бұзу») бойынша хаттама толтырды.
Материал Нұр-Cұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.
Полиция департаменті елорда тұрғындарына карантин кезінде үйден себепсіз шыққандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын тағы ескертеді.