Бұл күдіктінің мешіттегі алғашқы ұрлығы емес, бұған дейін де ол осыған ұқсас қылмысты Чапаев ауылында жасаған. Сондай-ақ, азаматтың бөтеннің мүлікін ұрлаудың бұдан өзге бірнеше дерегіне қатыстылығы анықталды. Полицейлер оны бейнебақылау камераларының көмегімен әшкерелеген, деп хабарлайды zakon.kz, Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ағымдағы жылдың наурыз айының соңында Іле аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне Ынтымақ ауылы мешітінің имамы, жалпы құны жүз мың теңге болатын қайырымдылыққа арналған жәшіктегі ақшаның және молданың қызметтік үй-жайындағы ресивері бар монитордың ұрланғаны туралы арызданған.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жедел уәкілдер Алматы облысы Жамбыл ауданының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол ұсынылған дәлелдерден кейін өз кінәсін толық мойындады.
Сонымен қатар, тергеу барысында күдікті одан өзге тағы екі ұрлық дерегіне өзінің қатыстылығын айтып берді. Ол ақпан айында Чапаев ауылындағы мешіттегі елу мың теңге көлеміндегі ақша сомасы бар қайырымдылық жәшігін ұрласа, ал өткен жылдың шілдесінде Түймебаев ауылындағы жеке кәсіпкерлер бірінің қымбат велосипедін қолды қылған.
Қазіргі таңда мешіт ұрысы қамаққа алынып, оның өзге де ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдіктінің 2013 жылы қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылғандығы анықталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша жалғасуда.