$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда 60 үй су астында қалды

Су үйлердің ішіне дейін кірмеген, ТЖД қызметкерлері арнайы құрылғылардың көмегімен дер кезінде суды сорғызу жұмыстарын жүргізген.

Қостанай облысында 60 үйді су басты. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Талғат Кәкімов брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департамент басшысының айтуынша, әзірге қар суынан Қарасу ауданының Қарамырза ауылы ғана зардап шекті. Қалған өңірлердегі жағдай бірқалыпты.

«7 сәуір күні таңертең Тінтуір өзенінде сең жүріп, су қалыпты ақты. Сағат 15.30 шамасында ауа райы күрт құбылып, желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетті. Жел бірде оңтүстік-батыстан соқса, енді бірде солтүстік-батысқа ауысты. Соның әсерінен өзенде 25-30 сантиметрге дейін жететін толқын пайда болып, өзен арнасынан шықты. Су Қарамырза елді мекеніне дейін жетті. Сағат 16.30-да 60 тұрғын үйді су басты. 8 сәуірде су деңгейінің қарқынды төмендеуі басталды», - деді Талғат Кәкімов.

Су үйлердің ішіне дейін кірмеген, ТЖД қызметкерлері арнайы құрылғылардың көмегімен дер кезінде суды сорғызу жұмыстарын жүргізген.

Облыс әкімдігі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды қолдау үшін су басқан үйдің иелеріне 50 АЕК (138 900 мың теңге) көлемінде және ауласына су кірген тұрғындарға 25 АЕК (69 450 мың теңге) көлемінде өтемақы төлемек.

Қазіргі уақытта тұрғындарға азық-түлік қоржыны әзірленіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары