$ 444.22  476.38  4.82

Қызылорда тұрғындары «Нұр Отан» партиясынан уәде еткен 50 мың теңгені сұрады

Бірақ кейбір тұрғындар азық-түлік орнына 50 мың теңге беруді талап еткен.

13 сәуірде «Нұр Отан» партиясының Қызылорда қаласындағы бөлімшесінің алдында 40-қа жуық адам жиналып, «Нұр Отан» партиясы уәде еткен 50 мың теңгені сұрады, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

«Нұр Отан» партиясы өкілінің айтуынша, жиналғандардың көпшілігі Қызылорда қаласының Бәйтерек ықшам ауданынан келген көп балалы әйелдер мен жалғыз басты әйелдер және тұрмысы төмен отбасылар.

Қалалық жұмыспен қамту бөлім басшысы Гүлмира Рахметованың айтуына қарағанда, «Нұр Отан» партиясы уәде еткен 50 мың теңге алатындар тізімі жасалған, барлығы 6313 адам болған. Тізімге мүмкіндігі шектеулі адамдар мен зейнеткерлер, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тылда еңбек еткендер, тұрмысы төмен отбасылар кірген.

"50 мың теңге алу үшін 10 мыңға жуық өтініш түсті. Кейбір 4-5 рет өтініш берген",- дейді ол.

Гүлмира Рахметованың сөзінше, бұл тізімге ілінбегендерге қалалық жұмыспен қамту бөлімі демеушілер ақшасына азық-түлік алып, 1 мыңнан астам отбасыға үлестірген. Бірақ кейбір тұрғындар азық-түлік орнына 50 мың теңге беруді талап еткен.

Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғаннан кейін «Нұр Отан» партиясының төрағасы, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Біз біргеміз" акциясын жариялаған. Осы акция барысында көмекке зәру отбасыларға 50 мың теңге қаржылай көмек берілетіні хабарланған.

Қызылорда қаласының 20-ға жуық тұрғыны сәуірдің 10-ына да «Нұр Отан» партиясына барып, осыған ұқсас талап қойған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары