Нұр-Сұлтанда SPA-cалонға боди-массаж жасатуға барғандар соттың үкімімен бес тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлер төтенше жағдай режимі кезінде "Юго-Восток" ықшамауданында интим қызмет көрсеткен SPA-cалонды анықтаған. Коттеджде 11 адам болған: сегіз қыз, салонның әкімшісі және екі клиент.
Барлығы жауапқа тартылған.
Соттың үкімімен салонның әкімшісі жеті тәулікке, ал онда келушілер бес тәулікке қамауға алынған. Сондай-ақ, боди-массаж қызметін көрсетіп жатқан қыздарға 10 АЕК мөлшерінде (27 780 теңге) айыппұл салынғаны айтылады.