17.04.2020, 12:20

Елордада екі апта бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

фото: pixabay.com
Қазір осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұр-Сұлтан полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен 31 жастағы әйелдің денесін тапты, деп хабарлайды Sputniknews.kz, қаланың полиция департаментіне сілтеме жасап.

"15 сәуір кешкі сағат 23.03-те қырқыншы станса ауданында іздеу жұмыстары кезінде бұған дейін жоғалып кеткен Нұр-Сұлтан тұрғынының мәйіті табылды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ", -делінген хабарламада.

Қазір осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Елорда тұрғыны 2 сәуірде күндіз үйінен шығып, сол күйі оралмаған. Әйелдің жоғалып кеткені туралы инстаграмдағы eto_astana_detka паблигінде хабарланған болатын.