Оқиғалар 19.04.2020 сағат 17:05

Моншада жүрген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ұсталды

Белгіленген шектеулерге қарамастан сағат кешкі 21.00-ден кейін моншада төрт адам болған.
Моншада жүрген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ұсталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Көкшетауда моншада жүрген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің екі қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz, Ақмола облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Желіде Ақмола облысындағы моншалардың бірінде ер адамдарды ұстап жатқан видео пайда болды.

Ақмола облысының полиция өкілдері 18 сәуірде сағат 22.30 шамасында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері рейд кезінде Көкшетаудағы "Избушка" монша кешенінің иесі төтенше жағдай режимін бұзғанын анықтады. Белгіленген шектеулерге қарамастан сағат кешкі 21.00-ден кейін моншада төрт адам болған.

"Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК 476-бабы бойынша 30 жастағы "Избушка" монша кешенінің иесі, клиенттер де, оның ішінде, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департаментінің екі лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта полицейлер қалған адамдардың кім екенін анықтап жатыр", - деп хабарлады облыстың ПД баспасөз қызметі өкілі.

Полиция өкілдері карантин режимінің талаптары облыстың барлық тұрғынына қатысты екенін еске салды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар