$ 494.87  520.65  4.91

Полициядан қашқан елордалықтар елді күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)

Видео кадрларынан карантин режимін 50-ге жуық адам сақтамағаны байқалады.
фото: azattyq.org
фото: azattyq.org

Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтандағы алаңдардың бірінде полициядан жаппай қашқан елордалықтардың видеосы тарады. Қалада балалар мен ересектер карантин ережелеріне қарамастан, сыртқа қыдыруға шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі жағдайды жоғарғы қабатта тұратын тұрғын түсірген. Оның терезесінен алаңда қыдырып жүрген бір топ адамды көруге болады. Видео кадрларынан карантин режимін 50-ге жуық адам сақтамағаны байқалады.

 Бейнежазбаның ең қызықты сәтін - аумаққа полиция қызметкерлері келгеннен бастап көруге болады. Тәртіп сақшылары дыбыстық ескертпемен алаңға бұрылғанда, үй тұрғындары жапа-тармағай қаша бастаған.

Бұл видеоның көрген желі қолдаунышылары ""Карантин? Жоқ, естімедік", "Құмырсқа сияқты", "Біз ғана үйде отырған сияқтымыз", "Бір жағынан қызық, бір жағынан қорқынышты", "Полиция жарайсыңдар. Балаларды, ата-аналар мен ата-әжелерді тұтқындамас үшін алдын ала ескертпе беріп жатыр", "Барлық алаңдарда осылай", "Бұлай болса, карантин жалғаса береді. Тек үйде отырып, балконға ғана шығыңыздар",- деп пікір білдірді.

Естеріңізде болса, күні кеше ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды карантин режимін сақтауға шақырған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары