22.04.2020, 10:40

Рамзан Қадыров ел тұрғынының «шаштараз қызметі қашан қалпына келеді?» деген сұрағына күтпеген жауап берді (ВИДЕО)

Ол шектеуге сәйкес, ел тұрғындары көшеге тек арнайы рұқсат қағазымен ғана шыға алады.

Шешенстан азаматтары Рамзан Қадыровтан сұлулық салоны мен шаштараз жұмысын жалғастыруды өтінген. Бұған жауап ретінде ол шашын тықырлап алып, отандастарына да осылай жасауға кеңес берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 Шешенстанның басшысы ел тұрғынының "шаштараз қызметі қашан қалпына келеді" деген сұрағына ерекше әдіспен жауап қайтарды. Рамзан Қадыровтың шашын тықырлап алған сәті түсірілген видео Instagram әлеуметтік желісінде пайда болған.

"Грозный-Информ" мәліметінше, президент өзге де азаматтарды осылай істеуге шақырған.

Айта кетейік, 17 сәуірден бастап Шешенстан аумағында қатаң карантин шаралары енгізілген. Ол шектеуге сәйкес, ел тұрғындары көшеге тек арнайы рұқсат қағазымен ғана шыға алады. Ал демалыс күндері көлік қозғалысына мүлде рұқсат жоқ. Соңғы деректер бойынша, елімізде қауіпті дертті жұқтырғандардың саны екі мыңға жуықтады. Оның он тоғызы көз жұмған. 

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарына коронавирус жағдайына байланысты кезекті мәрте телевизиялық үндеу жолдайды.