$ 444.14  477.05  4.85

Ақтөбеде деструктивті діни ағымның жақтаушылары моншада ұсталды

Мамандандырылған әкімшілік соттың үкімімен монша иесі мен клиенттер әкімшілік жазаға тартылды.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Ақтөбеде карантин режимін бұзған бес ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

 Алдын алу шараларын жүргізу барысында полицейлер қала моншаларының бірінде облыс орталығының 5 тұрғынын анықтады.

Режим бұзған адамдар деструктивті діни ағымның жақтаушылары болып шықты.

Монша иесіне және бес клиенттке ӘҚБтК-нің 476 бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Мамандандырылған әкімшілік соттың үкімімен монша иесі мен клиенттер әкімшілік жазаға тартылды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары