Оқиға 25 cәуір күні елорданың Иманбаев көшесінде болған. Қала көшелері мен аулаларын патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері бесінші қабаттың терезесінен айқайлап, секірмек болған әйелді байқап қалған. Бұл туралы ҚазАқпарат, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Пәтердің қай жерде орналасқанын тез анықтаған тәртіп сақшылары әйелге көмектесуге асыққан.
Пәтерде болған әйел полицейлерді өзіне пышақ сұғып аламын деп қорқытқан. Полицейлер әйелден пышақты алып қойып, жағдайын ескеріп, оқиға орнына жедел-жәрдем бригадасын шақыртты. Дәрігерлер 36 жастағы әйелді қарап шығып, одан әрі тексеру үшін психикалық денсаулық медициналық орталығына жеткізілді.