$ 446.49  475.38  4.79

ҰҚК төтенше жағдай режиміне пысқырмастан «жасырын казиноға» барған 30 шақты адамды ұстады

Құмар ойындары өтетін орынға кіру үшін арнайы өткізу жүйесі әрекет еткен, ол бойынша ішке тек тұрақты келушілер ғана кіре алатын болған.
фото: knb.gov.kz
фото: knb.gov.kz

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызметкерлері карантин режимін бұзып, құмар ойын ойнағандарды ұстады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Алматы қаласы бойынша департаменті ҚР Ұлттық ұланының «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесін тарта отырып, наурыз айынан бастап елдегі төтенше жағдай мен Алматы қаласындағы карантин режимі уақытында жұмыс істеген заңсыз ойын мекемесі әрекетінің жолын кесу бойынша ауқымды операция өткізді.

"Жедел-іздестіру іс-шарасы 2020 жылғы сәуірдің 24-інен 25-іне қараған түні өткізілген. Нәтижесінде ведомстволардың қызметкерлері қаланың орталығында орналасқан әкімшілік ғимаратта құмар ойындарына қатысқаны үшін қатысушылар қатарынан 30-дан артық келуші мен персонал ұсталды.

Құмар ойындары өтетін орынға кіру үшін арнайы өткізу жүйесі әрекет еткен, ол бойынша ішке тек тұрақты келушілер ғана кіре алатын болған.

Аумағы 1000 шаршы метрден асатын казино ішінде тінту іс-шараларын жүргізу барысында покер мен америкалық рулеткаларға арналған 6 үстел, көптеген ойын карталары мен фишкалар, сондай-ақ бір күндік заңсыз әрекеттен түскен ірі мөлшердегі ақшалай қаражат алынды", - делінген ресми хабарламада. 

Заңсыз ойын мекемесін ұйымдастыру фактісі бойынша ҚР ҚК 307-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Жасырын казиноға» қатысқан адамдардың барлығына қатысты төтенше жағдай режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары