$ 444.22  476.38  4.82

Жап-жас пошта қызметкері біреудің есепшотындағы ақшаны жымқырған

Тергеу барысында күдікті пошта бөлімшесінің қызметкері тұрғынның ақшасын өзі қол қойып, шешіп алғаны айқындалды.
фото: ernur.kz
фото: ernur.kz

Түркістан облысының полицейлері өзгенің ақшасын есепшотынан шешіп алған пошта қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz

Келес АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адам, пошта бөлімшесіндегі есепшотынан 200 000 теңгеге жуық ақшасын белгісіз тұлға заңсыз шешіп алғанын көрсетті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. 

Осы істің мән-жайын анықтау барысында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде, осы қылмысқа қатысты күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын, пошта қызметкері, жас қыз болып шықты.

Тергеу барысында күдікті пошта бөлімшесінің қызметкері тұрғынның ақшасын өзі қол қойып, шешіп алғаны айқындалды. Сонымен өзінің қызметін пайдалана отырып, жалған құжаттармен, өзгенің сеніп тапсырылған мүлікін иемденген күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) және 385-бабы (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша тергеу амалдары жүргізілді. Қазіргі таңда жинақталған іс-құжаттары аудандық сотқа жолданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары