$ 441.66  475.14  4.86

Ақмола облысында сүңгуірлер екі күннен бері жасанды көлден 50 жаcтағы ер адамды іздестіруде

Ауылдастары жабылып жүріп ауыл маңын тегіс қарап шыққан.

 Ақмола облысында құтқару қызметінің сүңгуірлері екі күннен бері жасанды көлден 50 жаcтағы ер адамды таппай жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК арнасына сілтеме жасап.

Ол сәуірдің 23-інде кешқұрым үйінен шығып кеткен. Ауылдастары жабылып жүріп ауыл маңын тегіс қарап шыққан. Көмекке полиция, төтенше жағдай қызметі қосылыпты. Олар көл жағасынан жоғалған азаматтың  аяқ киімін тапқан. Күйеуінің аяқ киімін әйелі таныды. Бірақ ол балық ауламайтын, көлде қайықпен серуендеп көрмеген жанның онда не үшін барғанын түсіндіре алмады. Қазір құтқару қызметі бес сүңгуірмен Арықты көлінде жүр. Таң атысымен қас қарайғанша көлді әрлі берлі кезіп, су астында жұмыс істеп жатқан олар бірталай қиындық кездескенін айтады.

"Әзірге су астынан іздеу жұмыстары нәтиже берген жоқ. Жасанды көлдің радиусы 3 шақырым,тереңдігі 2 жарым метрден асады. Мұзы енді  еріп, ағын су әлі тоқтамағандықтан, көл суы лайлы.Сондықтан су астында көрініс өте нашар. Бұл жағдай да сүңгуірлерге қиындық туғызуда", - деді Ақмола облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары