05.05.2020, 14:20

Алматы облысында 20 тонна спиртті заңсыз сатпақ болғандар ұсталды

фото: inastana.kz
Қазір осы факті бойынша тергеу басталды, қазіргі таңда қажетті сараптамалар жүргізілуде.

Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 20 тонна спиртті заңсыз сатпақ болғандарды ұстады. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Baq.kz.

"Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысы аумағында ірі көлемдегі этил спиртін сақтау және рұқсат құжаттарсыз өткізу фактісін анықтады. Күдіктілер 20 тонна спиртті 26 млн теңгеге сатуға тырысқан", - делінген хабарламада.

Қазір осы факті бойынша тергеу басталды, қазіргі таңда қажетті сараптамалар жүргізілуде.