12.05.2020, 12:20

Ақтауда жасөспірімді зорлады деген күдікке ілінген азамат тұтқындалды

фото: pixabay.com
Сонымен қатар, заңнамада күдіктінің кінәсі расталатын болса, оған сегіз бен он бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатыны көрсетілген.

Ақтауда кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін айыпталып, күдікке ілінген азамат ұсталды. Қазіргі таңда, құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Қайғылы жағдай сегізінші мамыр күні орын алған. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Лада порталы хабарлаған болатын. Полиция қызметкерлері жасөспірімді зорлаған болуы мүмкін күдіктіні анықтап, оны тұтқындап үлгерді.

Тергеу жұмыстары Қылмыстық кодекстің 120-бабы, үшінші бөлігі бойынша жүруде. Оған сәйкес, айыпталушының кінәсі дәлелденген жағдайда, ол өз ісіне жауап беретін болады. Сонымен қатар, заңнамада күдіктінің кінәсі расталатын болса, оған сегіз бен он бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатыны көрсетілген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері орын алған жағдайдың мән-жайын анықтау үшін қажетті сараптамаларды жасайтын болады. 

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде 9 жасар мектеп оқушысын зорлау ісі бойынша сот үкімі шыққан болатын. Мәлім болғандай, бейтаныс адам кішкентай қызды алдап, пәтеріне кіріп, зорлап кеткен.

 Аталған ауыр қылмысты жасағаны үшін 21 жастағы ақтөбелік 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сонымен қатар, ол келтірілген моральдық зиянның өтемі ретінде жәбірленушіге 5 миллион теңге төлеуге міндеттелді.