$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысының әскери қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді (ВИДЕО)

Биғайдаровтың мәліметінше, сыбайлас жемқорлық фактісінің көпшілігі Ішкі істер қызметі, әкімдік пен олардың  құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің үстінен қозғалған.

Алматы облысының әскери қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне арналған брифингте агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып «Талдықорған гарнизоны №18404 Әскери бөлімі» РММ-нің командиріне, әскери бөлімінің тыл орынбасарына және тамақтану қызметінің бастығына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Аналогті қылмыс Талдықорған гарнизонының Әскери полиция бөлімінде орын алған.  РММ басшысының орынбасары тамақтану қызметкерінен 215 мың теңге пара алған»,-деді Данияр Биғайдаров.

Лауазымды тұлғалар Талдықорған гарнизонының әскери бөлімінде тамақтану қызметін көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде қамқорлық жасау үшін пара алды деген күдікке ілінген.

Айта кететіні, ағымдағы жылдың 1-ші мамырынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен «Сыбайлас жемқорлық және лауазымды қылмыстарды жасау» фактісі бойынша осындай 118 қылмыстық іс тіркелген. 

Олардың көпшілігі парақорлық ұрлау, жымқыру мен алаяқтық фактісі. Биғайдаровтың мәліметінше, сыбайлас жемқорлық фактісінің көпшілігі Ішкі істер қызметі, әкімдік пен олардың  құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің үстінен қозғалған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары