$ 448.89  477.93  4.76

Атырау облысының Мақат кентінде атыс болып, 35 жастағы жігіт көз жұмды

Полиция қызметкерлері 2 күдіктіні анықтады.
фото: depti.kz
фото: depti.kz

Атырау облысында атыс салдарынан 35 жастағы жігіт қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 15 мамырда Мақат кентінде болған. Атыс қаруынан 1985 жылы туған жергілікті жігіт жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған. Полиция қызметкерлері 2 күдіктіні анықтады.

Оның біреуі ұсталып, қамауға алынды. Қазір ҚР Қылмыстық Кодексі 99-бабының 1-бөлімі бойынша («Адам өлтіру») сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

«ҚР Қылмыстық-процестік Кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды», - деп хабарлады Атырау облысының ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары