19.05.2020, 17:40

Таразда ағасы қарындасын ұрып өлтірген

Жедел тексеру кезінде күдікті анықталып, тергеуге алынды.

Он жастағы жасөспірім қыздың өлі денесі қаладағы көшелердің бірінің бойынан табылған, деп хабарлайды "Хабар 24".

Облыстық Полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, қыз зорлықпен өлтірілген. Жедел тексеру кезінде күдікті анықталып, тергеуге алынды. 

Ол он бес жастағы қыздың бауыры болып шықты. Ол полицейлерге кінәсін мойындаған көрінеді. 

Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынып, бірқатар сараптама тағайындалды.